Қазақ-өзбек байланысы беки түсті

5
2026-05-05

Ортақ тарих пен тамырлас тағдыр байланыстырған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыс берік әріптестікке ұласып келеді.  Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі   560 миллион АҚШ долларына жеткен. Бауырлас екі ел нақты жобалар мен ірі бастамалардың нәтижесінде рухани сабақтастыққа да қол жеткізіп отыр. Осы мақсатта Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыс, инвестиция, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады. Өз кезегінде елші Бахтиер Ибрагимов Түркістанның туристік әрі экономикалық әлеуетіне жоғары баға беріп, өзбекстандық кәсіпкерлерді өңірге тарту жұмыстары жалғасатынын айтты. Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтып, өзара тиімді жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді.