Түркістан өңірінде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүйелі жалғасып келеді. Осындай игі істің нәтижесінде Сайрам ауданы, Ақсу ауылындағы орталық саябақ жаңарып, ерекше келбетке енді. Бірлік күні қарсаңында пайдалануға берілген нысан тұрғындарға ерекше тарту болды. Жаңартылған демалыс аймағы заманауи талапқа сай жабдықталып, халық игілігіне ұсынылды.