Жалған қызметкер ұсталды

12
2026-05-04

Шымкент қаласында өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметкері ретінде таныстырған алаяқтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды. Ол 2025 жылдың қыркүйек айында жергілікті компания басшысын алдап, медициналық мекемені тексерілетін субъектілер тізімінен шығарып беремін деген сылтаумен 25 миллион теңге иемденген. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ұсталып,  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.