Түркістан
EN

Облыстың 22 елдімекеніне газ қосылды

95
18.04.2022

Түркістан облысындағы 22 елдімекеннің тұрғындары көптен күткен көгілдір отынға қосылды. Бұл ауыл-аймақтарда 6422 үй бар. Газбен қамтамасыз ету үшін 410,7 шақырым жерге газ құбыры салыныпты. Ал көмір жағып күнелткен тұрғындар енді қауіпсіз әрі қоршаған ортаға зияны жоқ отынға қол жеткіздік деп қуанып отыр. Алғашқы болып Сауран ауданына қарасты Теке, Қожанов, Оңдасынов, Жалаңтөс, ауылдары газға қосылды. Бұл елдімекендерде 956 үй болса, ондағы 125 отбасы үйіне көгілдір отынды қосуға дайын. Тағы 18 әлеуметтік, 10 коммуналдық нысан орналасқан. Бүгінде сауран ауданына қарасты 32 елдімекен бар болса, оның 11 не газ тартылған. Түркістан облысына қарасты 843 елдімекен бар. Қалған ауыл аймақтарға 2025 жылға дейін көгілдір отын берілу жоспарлануда дейді сала мамандары.