Шетел азаматы әуежайда есірткімен ұсталды

6
2026-05-04

 Алматы әуежайында шетел азаматы ірі көлемде есірткімен ұсталды. Күдіктіден 11 келіге жуық гашиш майы табылған.  20 жастағы шетел азаматы елге Бангкок – Алматы рейсімен ұшып келген. Тексеру кезінде одан есірткіден бөлек, 12 пластикалық ыдыс тәркіленді. Енді ол,  қылмыстық кодекстің 286-бабына сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде есірткі контрабандасының 57 дерегі анықталып, жолы кесілді.