Шымкенттегі қосалқы мектеп-интернатта 130 ерекше бала білім алып жатыр. Мұнда тәрбие ұлттық құндылықтар негізінде жүргізіледі. Балалар асық ойнау, киіз басу, қолөнер арқылы дағдыларын дамытады. Бұл әдістер олардың ойлау қабілеті мен қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Сабақтар арнайы бейімделген оқу бағдарламасы бойынша өтіледі. Оқушылармен дефектолог, логопед және сурдопедагог мамандар тұрақты жұмыс істейді. Оқу ордасында қалалық семинар ұйымдастырылып, мектептің тәжірибесі таныстырылды.