Ұлттық ұланда «Ұсыныс алаңы» атты жаңа цифрлық платформа жұмысын бастады. Бұл жүйе әрбір әскери қызметшіге құқықтық тәртіпті нығайту мен қызмет сапасын арттыруға қатысты өз идеяларын тікелей жолдауға мүмкіндік береді. Бүгіннің өзінде платформа арқылы 150-ден астам ұсыныс келіп түскен. Бастамалар негізінен жауынгерлік әзірлік, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету және әлеуметтік-құқықтық жұмыс сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Жүйенің басты артықшылығы — ашықтық пен жеделдік. Әрбір өтінім 15 күн ішінде қаралып, ешбір ұсыныс жауапсыз қалмайды. Тіпті іске асыру мүмкін емес идеялардың өзіне сараптамалық қорытынды беріліп, себептері толық түсіндіріледі.