Елде дрондар жолдағы ақауды автоматты түрде анықтайды

18
2026-04-30

Қазақстанда жол сапасын бақылауға арналған жаңа буын технологиясы – DJI Matrice 400 дроны сынақтан өтті. Лазерлік LiDAR және mmWave-радармен жабдықталған құрылғы жол төсеміндегі жарықтар мен ақауларды автоматты түрде анықтап, оларды нақты уақыт режимінде тіркейді. Ұшу процесі толық цифрландырылған: оператор тек бағытты белгілейді, ал дрон маршрутты өзі жасақтап, деректерді жоғары дәлдікпен жинайды. Жасанды интеллект элементтері алынған ақпаратты жедел өңдеп, ақаулардың көлемі мен деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл тексеру уақытын едәуір қысқартып, жолдардың жай-күйін кешенді бақылауға және қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.