Жетісу облысында осыдан бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен қария аман-сау табылды. 70-тен асқан ер адам 28-сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдврылып, жергілікті аумақтар тексерілді. Сондай-ақ, әуеден бақылау жүргізу үшін арнайы дрон пайдаланылған. Нәтижесінде қарт адам Талдықорған қаласынан шамамен 15 шақырым жерде, «Ұйтас» саяжай қоғамы маңынан табылды. Құтқарушылар оны жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізді. Арнайы қызметкерлердің мәлімдеуінше, қарияға медициналық көмек қажет болмаған.