Астанада Сот төрелігі академиясының 10 жылдығына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға Әзербайжан, Германия, Түркия және Өзбекстан бастаған бірнеше елдің делегациялары мен заң қауымдастығының өкілдері қатысты. Басқосуда сот төрелігінің сапасын арттырудың заманауи тәсілдері мен білім беру стандарттарын үйлестіру мәселелері жан-жақты талқыланды. Айта кетейік, кейінгі бір жылда академия судьялардың біліктілігін арттыратын арнайы жеке бағдарламаларды енгізді. Сонымен қатар, алғаш рет білім беру бағдарламалары магистратурадан докторантураға дейін кеңейтілген. Конференция барысында қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, сот білімі саласында бірлескен бастамаларды іске асыруға уағдаласты.