Тарихи нысандар жаңарады

7
2026-04-30

 Сауран қалашығындағы тарихи қос мұнара қалпына келтірілмек. Түркістан облысының әкімі «Қазқайтажаңарту» мекемесінің басшылығымен кездесіп, нысандарды ғылыми және тарихи негізде жаңғырту мәселесін қарастырды. Кездесу барысында ескерткіштердің түпнұсқалық келбетін сақтай отырып, сол дәуірдің технологиясымен қайта қалпына келтіру жолдары сөз болды. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны қорғау және оны тиімді пайдалану арқылы туризмді дамыту мәселесі көтерілді. Тараптар Сауран, Отырар және Күлтөбе қалашықтарының халықаралық деңгейде танылуы өңірдің туристік әлеуетін арттыратынын атап өтті. Кездесу қорытындысында жобаларды жан-жақты зерделеп, бірлесіп жүзеге асыру туралы уағдаласты.