Балалар әдебиеті ұлт болашағын тәрбиелейді

38
2026-04-29

 Түркістанда балалардың өнерге қызығушылығын арттыруға бағытталған кештер көбейіп келеді. Соның ішінде сөз бен сазды қатар өрген әдеби-сазды жобалардың орны бөлек. Осындай тағылымды кештің бірі «Ақжайық» музыкалық мектебінде өтті. Бұл жолы сахна төріне кәсіби әртістер емес, мектеп оқушылары шығып, ақын Әкім Ысқақтың өлеңдерін оқып, сазгер Мамырғали Байстың әндерін орындады.