Түркістан
EN

ІІМ бөлінген қаржыны игере алмаған

60
18.06.2021

Бүгін Сенат депутаттары Ішкі істер министрлігін де сынға алды. Себебі осы саланың жетекшілері бөлінген қаржының жартысын игермей қойған. Салдарынан электронды үкімет порталының қызметі шектелді. Сондай-ақ жолдағы тәртіпті қадағалайтын «Сергек» жүйесінің бейнебақылау камералары уақытылы жаңартылмаған. Ал оған бөлінуі тиіс қаражат үнемделіп, тіпті игерілмей қалыпты. Жалпы 2020 жылы ведомствоның ақпараттық жүйелеріне 6 млрд теңге бөлінсе, соның тек 50 проценті ғана тиісті мақсаттарға жұмсалған.