«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бұлақ көздері ашылды

19
2026-04-29

Елімізде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акция жалғасып жатыр. Экоакцияға Жамбыл облысына қарасты Жетібай ауылының тұрғындары да атсалысты. Жергілікті ақсақалдардың бастамасымен ауыл тұрғындары жақын маңдағы бұлақ көздерінің аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Игі бастамаға  су саласындағы алғашқы еріктілер қозғалысына қабылданған жергілікті мектеп оқушылары да қатысқан. Мұндағы басты мақсат – өңірдегі бұлақ көздерінің табиғи арнасын ашып, жан-жағын жасыл желекке айналдыру.