Қазақ-чех кәсіпкерлерінің бизнес форумы өтті

14
2026-04-29

 Астанада өткен «Қазақстан–Чехия» бизнес форумында екі елдің премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Андрей Бабиш сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуды талқылады. Тараптар машина жасау, энергетика, көлік және ІТ салаларындағы бірлескен жобаларды дамытуға басымдық берді. Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсартып, шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасауды жалғастырып жатыр. Нәтижесінде, өткен жылы ел экономикасына салынған шетелдік инвестициялар көлемі 20 млрд доллардан асқан. Форум қорытындысында тараптар энергетика мен өнеркәсіп салаларын қамтитын 6 меморандумға қол қойды.