Сот жүйесіндегі кадрлық саясат қайта жаңғыртылуда

7
2026-04-28

Елдегі сот жүйесінде әділдік таразысының теңдігін қамтамасыз ететін білікті мамандар қатарын арттыру әлі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты елордада Жоғары Сот Кеңесінің кезекті жиыны өтті. Басқсоуда сот жүйесінің қызметіне қатысты бірқатар маңызды кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Қазіргі  уақытты  бос  жұмыс орындарын толықтыру көрсеткіші 131 пайызға жеткен. Кеңес судья корпусын қалыптастыруда ашықтық пен кәсібилікке басымдық беріп отыр. Алдағы  шілде айынан бастап кадрлық үдерістер толық цифрландырылып, ашықтық пен тиімділік жаңа деңгейге көтерілмек.