Оқушы су үнемдейтін калькулятор жасап шықты

6
2026-04-28

Астаналық оқушы суды үнемдеудің жаңа әдісін ойлап тапты. Елордадағы №91 мектеп-гимназиясының шәкірті Жәңгір Әбуов «Су ізі» атты бірегей интерактивті платформа әзірледі. Бұл жүйе әр азаматтың күнделікті қанша су жұмсайтынын нақты есептеп береді. Жас өнертапқыштың жобасына Су ресурстары және ирригация министрлігі бірден қызығушылық танытып, бүгін арнайы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Енді мектеп оқушысының өнертабысы мемлекеттік деңгейде жетілдіріліп, республика бойынша су үнемдеудің басты құралы ретінде ресми іске қосылмақ. Сонымен қатар, жоба аясында «Тамшы» есімді кейіпкер арқылы балаларға су үнемдеуді үйрететін бейнероликтер де таратылады. Осылайша, елордалық оқушылардың экологиялық бастамасы халықтың су ресурстарына деген көзқарасын өзгертетін маңызды бағдарламаға айналмақ.