Ет кластері бірнеше ірі жобамен толығады

6
2026-04-28

 Түркістан облысында ет кластері тағы бірнеше ірі жобамен толығады. Өңірде  жалпы құны 43 миллиард теңге болатын 5 инвестициялық бастама іске аспақ. Қазірдің өзінде облыстағы шаруашылықтар ет өнімдерін Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Иранға экспорттап отыр. Алдағы уақытта оның көлемін мұнан да арттырып, Қытай мен Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығу көзделуде. Кластер құрамында мал азығын өндіру, бордақылау мен етті өңдеу кешендері бар. Жобалар кезең-кезеңімен 2027 жылға дейін  іске қосылады. Мамандардың айтуынша, бұл бастама жаңа жұмыс орындарын ашып, аймақ экономикасының дамуына үлес қосады. Сонымен қатар инфрақұрылым жақсарып, ішкі өндіріс көлемі артады. Азық-түлік сапасы жақсарады.