Малды шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

5
2026-04-28

Түркістан облысында шетелге малды заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел іс-шара барысында мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінің бірінде бірнеше жүк көлігі тоқтатылған. Көліктердің ішінде шамамен 1000  жуық уақ мал болған. Тергеу барысында күдіктілердің жалған құжаттар мен алдын ала ұйымдастырылған арналарды пайдаланбақ болғаны белгілі болды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Мамандар бұл шара ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алып, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға бағытталғанын айтады.