Шымкентте заңсыз емхана салып жатқан компанияны сот та тоқтата алар емес. Осылай деп ашынған тұрғындар жаңадан басталған құрылысқа бір жылдан бері қарсылық білдіріп келеді. Бірақ, жергілікті билік ел наразылығына назар аударар түрі жоқ. Шымкенттіктер бір жылдан бері қала әкімдігімен қырқысып жүр. Себебі елдің өз қолымен соққан стадионы сүріліп, орнына емхана салынуда. Қарсылық білдірген тұрғындар сотқа да жүгінген. Алайда, құрылысқа тыйым салынсын деген ұйғарымға қарамастан жұмыс жалғасып жатыр дейді. Стадионға қатысты бұл даудан кейін "Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының" басшысы да жылы орнымен қоштасқан еді. Ал, сол орталық иелігіндегі қазіргі құрылыс бастаған емхана болса сот ұйғарымын екі етпей тыңдап отырмыз дейді. Ауылшаруашылық министрлігіне дейін жеткен жер дауы қазір Шымкент қаласы эканомикалық сотында қаралып жатыр. Азаматтық іске қатысты сот енді ғана басталмақ.