Қазақстандықтарды алдап келген телефон алаяқтары қолға түсті

5
2026-04-28

Алматыда телефон алаяқтығымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Қаскөйлер байланыс операторларын айналып өтетін арнайы жүйе құрып, қазақстандықтарға жаппай заңсыз қоңырау шалумен айналысып келген. Олар виртуалды телефон станцияларын іске қосып, жергілікті ұялы нөмірлер мен зиянды бағдарламаларды пайдаланған. Тергеу мәліметінше, ұйымдасқан топ қысқа уақыт ішінде ел азаматтарына 4 миллионнан астам қоңырау шалып үлгеріпті. Бұл әрекеттен байланыс операторларына келген шығын 15 миллион теңгеден асып жығылады. Тінту барысында барлық техникалық құрылғылар мен заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.