Кітаптың керемет иісі мен парақтардың сыбдыры арқылы тұтас бір әлемді тани білуге талпынған жандар болады. Олар үшін уақыт та, кеңістік те шектеу емес. Бір ғана кітап кейде өмірдің беймәлім есігін айқара ашқандай әсер қалдырады. Осындай рухани әлемге құштар жандар Түркістанда да көп. Олар бірлесе орта қалыптастырып, өзгелерді де кітап сүйгіштікке баулып келеді.