Бүгінгі журналистика тек ақпарат беру емес, қоғамдық мәселелердің нақты шешімін табуға бағытталған үлкен күш. Осы орайда Түркістан төрінде БАҚ өкілдері үшін «Шешім журналистикасы» атты маңызды семинар-тренинг өтті. «Әділ сөз» қоры ұйымдастырған шарада жергілікті тілшілер мен Шымкент, Қызылордадан келген әріптестер кәсіби біліктілікті шыңдады. Мұндағы басты мақсат кез келген материалдың қоғамға тигізер пайдасын арттырып, көтерілген мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпал ету.