Арыс қаласында «Жасыл болашақ» бастамасымен сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтті. Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, түрлі мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсенді қатысты. Игі бастама қоршаған ортаны қорғап, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.