Сенаторлар сенбілікке шықты

4
2026-04-27

 Елордадағы Инклюзивті спорт орталығының аумағы жасыл желекке айналмақ. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткен сенбілікке Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар отбасы мүшелерімен және қала белсенділерімен біркісідей атсалысты. Бір күннің ішінде орталық маңына жөке, қарағаш пен көктеректің 200 көшеті егілді. Бұл тек тазалық шарасы ғана емес, жер бетіндегі тіршілікке деген үлкен жауапкершілік пен саналы өмір салтының көрінісі. Сенбіліктің Инклюзивті спорт орталығында өтуінің де символдық мәні бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған  бірегей кешен мүмкіндігі шектеулі жандарды емдеу, оқыту және оңалтумен айналысады. Енді орталықтың ауласы таза ауа мен жасыл желекке толы жайлы орын болмақ.