Түркістан
EN

Әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі

101
24.04.2026

 Елімізде әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі. Бірыңғай жүйе арқылы сала цифрландырылатын болады. Енгізілетін жаңа тетік әскерге шақырылатын азаматтардың уақытылы әрі толық ақпарат алуына ықпал етпек. Сондай-ақ, отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғандар үшін де бірнеше шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы азаматтарды әскери қызметке шақыру жүйесін жетілдіру және мемлекеттің жұмылдыру әлеуетін нығайту мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңесте айтылды.