Денесі Қырғызстаннан табылған сарбаздың жақындары сотқа арызданбақ. Қара жамылған отбасы оқиғаның күмәнді тұстары көп деп отыр. Мәселен, мәйіттің қасында жатқан әскери киімдер таза күйінде табылған. Сондай-ақ Таразда сот медициналық сараптама өткізген мамандар мәйітке әрі кеткенде 1,5-2 апта болған деген қорытынды жасап отыр. Баланың із-түссіз жоғалған 39 күннің қалған уақытында біреулерден қысым көруі мүмкін деген туыстары кінәлілердің жазалануын талап етуде. Еске салсақ, Жамбылдағы шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішов 2 наурызда ізім-қайым жоғалып, арада бір жарым ай өткенде оның мәйіті Қырғызстан шекарасынан, тауда асылып тұрған күйде табылған еді.