Түркістан
EN

Екі ірі есірткі тарату арналарының жолы кесілді

94
24.04.2026

 Елімізде есірткі тасымалы әрекеттері тыйылар емес. Құқық қорғау органдары бір апта ішінде осындай екі бірдей арнаның жолын кесті.  Мәселен, Абай облысында 21 жастағы жүргізушіден 2 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Күдікті оны интернет-дүкен иесінің нұсқауымен таратқанын мойындаған. Ал елордада интернет арқылы жұмыс істеген 26 жастағы әйел қолға түсті. Тінту кезінде салмағы 1 келіден асатын екі қаптама синтетикалық  есірткі мен электронды таразылар, сондай-ақ, 100-ден астам орауға арналған қалташа табылды.  Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан 45 мыңнан астам бір реттік қолдануға  тең есірткі алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.