Дәстүрлі өнерді қолдауға басымдық берілмек

10
2026-04-24

 Түркістан өңірінен қанат қаққан, дәстүрлі өнерге ғұмырын арнаған Татьяна Бурмистрова биыл шығармашылық жолындағы 50 жылдық мерейлі белесін еңсерді. Осыған орай, аймақ басшысы Нұралхан Көшеров мәдениет саласының майталманымен арнайы жүздесіп, ұлттық өнердің өрісін кеңейту мәселесін талқылады. Әсіресе, терме мен дәстүрлі ән жанрын жаңа деңгейде дамыту жайы айтылды. Сондай-ақ, өңірде мәдениетті дамытуға, оның ішінде дәстүрлі өнерді қолдауға бағытталған бастамаларды ілгерілету жайы сөз болды. Кездесу соңында тараптар ұлттық өнерді өркендету бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты