Алматыда үлгілі заң шығару жүйесін жетілдіру жайы қаралып, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тың тетіктері талқыланды. Кездесу ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясында өткен. Сондай-ақ, басқосуда халықпен байланысты күшейту үшін цифрлық қызметтерді дамыту, иесіз мүлікті басқару мәселелері де сөз болды. Бұдан бөлек, креативті индустрияны дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір экономикасын көтеру жайы да айтылды.