Елордада әскери борышын өтеп келген жастарға үлкен мүмкіндік берілді. Мыңнан аса қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алуға арналған сертификат иегері атанды. Салтанатты рәсім Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда өтті. Бастама – Қорғаныс министрлігінің «Сарбаз» жобасы аясында жүзеге асып отыр.