Жолда жүру ережелеріне бақылау күшейді

7
2026-04-23

Түркістанда жолда жүру ережелеріне бақылау күшейді. Қалалық прокуратура мен  полиция органдары  бірлесіп, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауқымды профилактикалық акцияны бастады. Аталған шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған. Оның барысында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай ақ, тұрғындарға  жол қауіпсіздігі мәдениетін арттыру  маңызды екенін ескертті. Айта кету керек, аталған профилактикалық рейд Түркістан облысының 9 ауданында бір мезгілде өтіп жатыр.