Жалған құжатпен ақша алған қожалық басшысы әшкереленді

8
2026-04-23

Абай облысында мал шаруашылығын дамытуға бөлінген миллиондарды кәсіпкер ісін дамытуға емес, өз қажетіне пайдаланған. «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламасымен жеңілдетілген несие алған шаруа қожалықтың басшысы осы заңсыз әрекеті үшін сот алдында жауап бермек. Тергеу мәліметінше, ол ірі қара мал сатып аламын деп жалған құжаттар толтырып, бюджеттен 250 миллион теңгеден астам қаражат жымқырған. Қағаз бетінде мыңғырған мал мен мүлік көрсетілгенімен, іс жүзінде фермада ешқандай тұяқ болмаған. Күдікті мемлекетке келтірілген 211 миллион теңге шығынды тергеу барысында толық қайтарды. Сондықтан ол әзірге қамауға алынған жоқ. Бірақ  сот іс қарауды ары қарай жалғастырады.