Ақмола облысында астықты терең өңдейтін ірі зауыт салынады. Жобаға 300 млрд теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорын жылына 6 млн тоннаға дейін астық өңдеп, ұн, жарма және мал азығы сияқты дайын өнімдер шығаруға қауқарлы. Бұл елдегі импортты азайтып, экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба іске асқанда, шамамен 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ мамандарды даярлау, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қатар жүргізіледі. Инвестор өңірдің әлеуметтік саласына да қолдау көрсетіп, спорт және өзге де нысандар салуды жоспарлап отыр. Жалпы, жоба ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізбек.