Елордада климаттық сын-қатерлер мен Орталық Азияның орнықты даму перспективалары талқыланды. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында парламенттік дипломатияның рөліне басымдық берілді. Жоғары палата төрағасы Арал қасіреті мен Семей полигонының зардаптарын еңсеру Қазақстан үшін әуелден басты назарда екенін атап өтті. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын Қазақстан Президентінің Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын қолдауға шақырды. Бұл қадам жаһандық деңгейде су мәселесіне басымдық беріп, функциялардың қайталануын шектеуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, ел ішіндегі «Таза Қазақстан» бағдарламасының идеологиялық мәніне де тоқталды.