Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады. Президент әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатқанын атап өтіп, соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайтынына тоқталды. Соңғы кезде қоғамда кітап оқуға деген қызығушылық қайта артып келеді. Әсіресе бұл үрдіс жастар арасында қолдау тапқаны байқалады. Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін дамытуға бағытталған арнайы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.