Қызылордада 20 жастағы жігіт мұнай сақтайтын ыдысқа құлап, қаза тапты. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Кеңлік мұнай өндіру компаниясының өндіріс орнында болды. Ал мерт болған адам сол компанияда мұнай өндіру операторы болып жұмыс істеген екен. Сырдария ауданының полиция бөлімі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.