Шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетілді

16
2026-04-22

 Бір кездері ұзақ қашықтықты еңсеріп жететін медицина, бүгінде ауыл халқы үшін қол созым жерде. Көшпелі қабылдаулар шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары мен білікті дәрігер мамандардың арасын жақындата түсті. Түркістан облысында ел игілігіне берілген жылжымалы медициналық кешендер 5 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді. Жоспарға сәйкес, ақ халаттылар бұл жолы  Сауран ауданындағы Абай ауылына аялдап, қажетті тексерулер жүргізді.