Еуропалық иммундау апталығы басталды

10
2026-04-22

Түркістан облысында «Еуропалық иммундау» апталығы басталды. Аталған шара дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық өңірлік бюросының ұсынысы бойынша іске асуда. Бұл туралы баспасөз брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Асхан Байдуалиев мәлімдеді. Жалпы еуропалық иммундаудың мақсаты  халық арасындағы жұқпалы аурулар мен түрлі кеселдерді вакциналау арқылы азайту және алдын алу.  Қазіргі таңда өңірге қарасты аудан-қалаларда осыған байланысты түсіндіру жұмыстары мен арнайы семинар-сабақтар ұйымдастырылып жатыр. Айта кетейік, бүгінде елімізде 11 қауіпті инфекцияға төтеп беретін міндетті вакцина ұлттық егу күнтізбесіне бекітілген.