Түркістан облысындағы тоңазытқыш құрастыратын кәсіпорын өндіріс қуатын арттырады. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров «UBC Group» компаниясының құрылтайшысы Игорь Бурдыленкомен кездесіп, осы жобаны әрі қарай дамыту жолдарын талқылады. Межелі жоспар жүзеге асса зауыт жылына 50 мың дана дайын өнім шығаруға қауқарлы болады. Кәсіпорын тек ішкі нарықты ғана емес, алдағы уақытта Орталық Азия елдерін де отандық өніммен қамтуды көздеп отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1,2 млрд теңге. Бұл өндіріс қуатын арттырып, кәсіпорынның әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоба аясында аумағы 1900 шаршы метр болатын жаңа өндірістік ғимарат салу жоспарланған. Сонымен қатар, 50 жаңа жұмыс орны ашылып, өңір тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылмақ.