Құрғақшылыққа қарсы жобалар талқыланды

11
2026-04-22

Өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымы құрғақшылықтың алдын алу мақсатында ынтымақтастықты күшейту мәселесін талқылады. Кездесуде Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы құрғақшылықтың алдын алу институты құрылымға  мүше елдерден 20-ға жуық жобаны іріктеп алғаны, соның ішінде Қазақстанмен бірлескен екі ұлттық жоба әзірленіп жатқаны айтылды. Тараптар су қауіпсіздігін арттыру үшін бірлескен зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу және заманауи болжау жүйелерін енгізу бағытында жұмысты жандандыруға ниетті. Кездесу қорытындысында сарапшылар деңгейінде тұрақты консультациялар өткізу, нақты жобаларды пысықтау және кадр даярлау саласындағы әріптестікті кеңейтуге уағдаласты.