Астанада өңірлік экологиялық саммит өтеді

6
2026-04-22

Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен экологиялық саммит өтіп жатыр. Жиынға 9 елдің басшылары мен іргелес мемлекеттердің өкілдері қатысуда. Сондай-ақ, жиынға  халықаралық ғалымдар, сарапшылар мен инвесторлар да арнайы келген.  Басты мақсат -  аймақтағы экологиялық мәселелерді шешу, әсіресе су тапшылығы мен климаттың өзгеруіне қатысты халықаралық ынтымақтастықты нығайту болмақ. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған бұл шарада RES 2026 EXPO көрмесі және халықаралық аралды құтқару қорының кеңесі өтеді. Саммиттің нәтижесінде Орталық Азияны жасыл қаржыландыру мен технология трансферті бойынша жаңа мүмкіндіктері пайда болуы мүмкін.