Елімізде 23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап оқуға айрықша мән беруді тапсырған болатын. Сол игі бастаманың жалғасы ретінде биыл алғаш рет «Кітапхана түні» акциясы ұйымдастырылды. Руханиятқа шөлдеген Түркістан жастары бұл кештен шет қалмады. Кеш аясында жүрек тербеген жырлар оқылып, әуелеген әндер шырқалып, кітап пен өнердің түнгі симфониясы үйлесім тапты.