Петропавл әкімдігіндегі лауазымды тұлға бір өтпежол салу үшін 2 млрд теңгені жымқырған

15
2026-04-21

Петропавлда өтпежол құрылысына бөлінген 2 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырылды. 2023 жылы жергілікті әкімдік пен жекеменшік серіктестік арасында 5 жарым миллиард теңгеге жуық сомаға келісімшарт жасалған. Алайда, жол салудың орнына мердігер ұйым жұмыс кестесін жүйелі түрде бұзып келген. Компания басшысы құзырлы бөлім мамандарымен бірлесіп, атқарылмаған жұмыстарды «аяқталды» деп жалған құжаттарға қол қойдырып алған. Осы айла-шарғы арқылы бюджеттің миллиардтары нақты шаруа атқарылмай-ақ, кәсіпкердің шотына негізсіз аударылып отырған. Мемлекетке келтірілген орасан зор шығынды өтеу үшін қазір мердігерге тиесілі 24 техника тәркіленді. Олардың ішінде қымбат автокөліктер мен арнайы құрылыс машиналары бар.