Түркістан
EN

Скринингпен қамту 25 пайызға артты

70
21.04.2026

Қазақстанда халықты медициналық скринингпен қамту деңгейі 25 пайызға артты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде ауытқуларды ерте анықтайтын скринингтің 6 түрі жолға қойылған. Оның үшеуі тікелей перзентханаларда жүргізіліп, нәрестелердің өміріне араша болуда. Мәселен, аудиологиялық скринингтің арқасында есту қабілетінен толық айырылған 523 балаға құны 6 жарым миллион теңге тұратын заманауи импланттар орнатылды. Ал офтальмоскринингтің нәтижесінде көз патологиясы анықталған 700-ден астам шала туған нәрестенің жанары сақталып қалды. Министрдің сөзінше, денсаулық сақтау саласындағы басты бағыт – инклюзивті ортаны дамыту және медициналық көмекке қол жеткізудегі теңсіздікті жою. Цифрлық құралдар мен жаңа технологияларды енгізу арқылы алдағы уақытта мүгедектік пен өлім-жітім көрсеткішін айтарлықтай төмендету жоспарланып отыр.