200 шақырымдық ультрамарафон өтті

13
2026-04-20

Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілері арасында алғаш рет 200 шақырымдық ультрамарафон өтті. Бұл қашықтықты «Астана» өңірлік қолбасшылығы 31-775 әскери бөлімінің рота старшинасы, 3-сыныпты сержант Тимур Ержанов 34 сағат 55 минутта еңсеріп, жаңа рекорд орнатты. Сөре Қарағанды қаласынан басталып, Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінде аяқталды. Алғашқы шақырымдарды ол жұбайы Жанармен бірге жүгіріп өтті. Қиын ауа райының қолайсыздығына  қарамастан, әскери қызметші белгіленген қашықтықты толық еңсеріп, жетістігін Құрлық әскерлерінің құрылған күніне арнады.