Мектептер толық цифрлық бақылауға өтіп жатыр

14
2026-04-20

Түркістан облысында мектептер толық цифрлық бақылауға өтіп жатыр. Мәселен, 800-ден астам білім беру ұйымы камерамен қамтылып, басым бөлігі интернетке қосылған. Өңірдің ауыл аймақтары да цифрландыру ісінен шет қалған жоқ. Бұрынғы спутниктік құрылғылар біртіндеп алынып, оның орнына тұрақты, жылдам оптикалық интернет орнатылып жатыр. Осындай жаңартулар оқушылардың цифрлық сабақтарды тереңірек меңгеруіне мүмкіндік беруде.