Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден озды

15
2026-04-20

Қазақ поэзиясы орны толмас қазаға ұшырады. 84 жасқа қараған шағында көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов дүниеден озды. Шындықтың шырақшысы болған шайыр тек отты жырларымен емес, Желтоқсанның ақиқатын айтқан қайсарлығымен және ана тілімізді қорғаудағы табандылығымен ұлттың нағыз ар-ожданына айналған тұлға еді. Түркістан топырағында туып, әлем әдебиетінде бағындырған ол, өлшеулі ғұмырында ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосты. Парламент мінберінен де, мемлекеттік қызметте де тек елдік мүддені биік қойды. Оның 50-ден астам тілге аударылған шығармалары - қазақ әдебиетінің алтын қазынасы. Бүгін қалың жұртшылық ақынның отбасына қайғыра көңіл айтуда. Қазақтың қайсар мінезді ұлының есімі мен өр рухы халық жадында мәңгілік сақталмақ.