Бітімгерлер БҰҰ миссиясына толық дайын

6
2026-04-20

Қазақстандық бітімгерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы миссиясына толық дайын. Алматы гарнизонында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков үшінші ұлттық контингенттің әзірлігін тексерді. «Бітімгер» оқу-жаттығу орталығында әскери қызметшілердің тактикалық, медициналық және тілдік дайындықтарының халықаралық стандарттарға сәйкестігі пысықталған. Бұл құрылым көпұлтты ортада әрекет етуге машықтанған. Тексеру қорытындысы бойынша дайындық деңгейі жоғары деп бағаланды. Қазақстан бітімгерлері Голан жоталарындағы миссияға 2024 жылдан бері дербес контингент ретінде қатысып келеді.