Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбековпен кездесіп, өңірдегі денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, облысты дәрі-дәрмекпен тұрақты қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарға қажетті препараттарды уақтылы жеткізу сынды жұмыстар сөз болды. Сонымен қатар қойма логистикасын жетілдіріп, дәрі-дәрмектерді сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру да басты назарда,-деді өңір басшысы. Сондықтан қос тарап өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыруды көздеп отыр.